Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр Фото: Polisia.kz

Полицейлер Кентауда жоғалып кеткен жасөспірімді іздеуге көмектесуді сұрап, азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Полицейлер Кентауда жоғалып кеткен жасөспірімді іздеуге көмектесуді сұрап, азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Кентауда 2010 жылы туған Сүлеймен Дамир Қанатұлы жоғалып кеткен. Ол 9 наурызда үйінен шығып, қайта оралмаған.

Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабарлауды сұрайды", - делінген хабарламада.


Тәртіп сақшылары кез келген ақпараттың маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бірлесіп әрекет етуге шақырады.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында бір тәуліктен аса уақыт бойы 10 жастағы оқушы іздестіріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзенге батып кеткен болуы мүмкін. Бала достарымен бірге велосипед тебуге шығып, үйіне оралмаған. Оны сүңгуірлер мен ондаған адам іздеп жатыр, іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.15   548.09   5.87 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети