11 ақпан 2022 | 17:34

Түркістан облысында жүргізушінің қауіпті әрекеті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жүргізушінің асқан жылдамдықпен қала көшелерінде жүргені видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында жүргізушінің асқан жылдамдықпен қала көшелерінде жүргені видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға ақпанның басында Жетісайда болған. LADA Priora жүргізушісі қала көшелерінде асқан жылдамдықпен жүрген. Көліктегі жолаушылардың бірі жағдайды видеоға түсіріп алған. Видео сыртында ер адам айғайлап, жүргізушіден жылдамдықты азайтуды сұрағанын естуге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Полиция LADA жүргізушісі анықталып, жауапқа тартылғанын хабарлады.

"Жол ережесін өрескел бұзғаны үшін LADA Priora көлігінің жүргізушісіне қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Нақты айтқанда: ӘҚБтК-нің 590-бабы "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу", 595-бабы "Маневр жасау қағидаларын бұзу", 606-бабы "Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзуы" және 612-бабы "Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы" бойынша", - деді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети