Түркістан облысында жыл басынан бері 325 мопед жүргізушісіне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жыл басынан бері 325 мопед жүргізушісіне айыппұл салынды Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Түркістан облысында мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл өңірде мопедтердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Сондықтан полиция қызметкерлері осы көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейтті. Нәтижесінде жыл басынан бері мопед жүргізушілеріне қатысты 325 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 16 жасқа толмағандардың ата-аналарына 12 хаттама түзілген", - делінген хабарламада.

Полиция мопед иелері мен облыс тұрғындарына жолдағы әрбір қадамды аңдап басуға, жауапкершілікке шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети