Түркістан облысында карантинге қарамастан суға шомылған жүзден аса адам анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында карантинге қарамастан суға шомылған жүзден аса адам анықталды Сурет: polisia.kz

Түркістан облысында карантин кезінде суға түскен жүзден аса адам анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында карантин кезінде суға түскен жүзден аса адам анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының бас санитар дәрігері Н.Нышановтың қаулысына сәйкес, карантин талаптарын қатаң ұстану үшін сонымен бірге әр азамат өз денсаулығын сақтау мақсатында шомылу маусымынан уақытша бас тартқаны жөн.

Полицейлердің хабарлауынша, бүгінгі таңда бетпердесіз жүрген адамдардан бөлек, карантинге бағынбай, өзара бас қосып, суға түсіп заң бұзғандар саны да азаяр емес. Осындай олқылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты полиция басқармалары мен бөлімдері орналасқан аудандарда рейд жұмыстарын күшетіп жатыр.

"Мәселен, Бәйдібек ауданының полицейлері рейд кезінде карантин талаптарына қарамастан, суға шомылып жүрген 55 адамды анықтады. Тәртіп сақшылары оларға ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен хаттама толтырды.

Дәл осындай жайт Сарыағаш ауданында да қайталанды. Сарыағаштық сақшылар ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен 69 адамды ұстады. Сондай-ақ оларға арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде облыс полицейлері індеттің таралуын болдырмау үшін, сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети