Түркістан облысында кәсіпкер депутатты айыптады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ktk.kz © ktk.kz

Түркістан облысында депутат кәсіпкерді соққыға жықты. Оқиға Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылында болған. Мұстафа Әлжанов аудандық мәслихат депутаты Яссауи Мүслімді жұрттың көзінше ұрып-соқты деп айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында депутат кәсіпкерді соққыға жықты. Оқиға Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылында болған. Мұстафа Әлжанов аудандық мәслихат депутаты Яссауи Мүслімді жұрттың көзінше ұрып-соқты деп айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жанжалға кәсіпкердің малы себеп болған. Яғни, 150 бас ірі қараны ауыл ішіндегі қораға әкелгеніне тұрғындар наразылық танытқан. Бұл іске халық қалаулысы араласып, арты төбелеске ұласқан. Кәсіпкер оншақты күн ауруханаға жатып шығып, полицияға арыз түсіріпті. Алайда депутат ешкімді ұрғам жоқ деп ат тонын ала қашып отыр.

Депутат пен кәсіпкер арасындағы төбелес Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылында болған. Ауыл ішіндегі ескі фермаға жергілікті кәсіпкер 150 бас ірі қарасын әкелген. Оған маңайындағы тұрғындар наразылық білдіріп, сасық иіске тұншықтық деп әкім мен депутатқа шағымданған. Осы бойынша сөйлеспек болған депутат көшеде көлігіммен келе жатқанда тоқтатып алып, ай-шайға қарамай жұдырық ала жөнелді дейді таяқ жеген Мұстафа Әлжанов.

"Мына жерде су бар еді, суды ашып ішіп анаған бірнәрсе дейін деп жатқан жерімнен "мандатым кетсе кетсін" деп, жырқылдатып ұрды. Мына жерден ұрды, көз көрмей қалды жақсы, мандраж 34 секунд ұстайсың ғой, есімді жинап дегенше екінші көзден ұрды, мен көлікте отырмын. Сонымен жынданып түсетін ой болды, бүйтіп есікті ашып түсіп жатқан кезде жағымнан ұрып құлатты ғой", - дейді ол.

Ауыр соққыдан қабағы қарс айырылып, мұрны сынған 45 жастағы кәсіпкер ауруханаға барған. Сонда 11 күн емделіп күні кеше шыққан ол полицияға да арызданған. Бірақ жәбірленуші депутаттың жазаланатынына сенбей отыр.

"Ол әкесіне сеніп істеді ғой бар нәрсені, әкесі бұрынғы Нұр-Отаннан екі рет депутаттыққа түскен ауданда бандитсымақ. Судмедэкспертқа барып ақшаға сөйлессем көнбей жатыр деп айтып жіберіпті. Болды ғой, ол ақшаны барлық жерге ұсынып жатыр олар. Көреміз. Егер судмедэксперт не шығарады, жеңіл дейтін болса, демек сатып алып қойды", - дейді жәбірленуші Мұстафа Әлжанов.

Ал басы дауға қалған депутат Яссауи Мүслім болса кәсіпкердің малы екі айдан бері ауылды шулатты деп отыр. Тұрғындар өтінген соң ауылдас кәсіпкермен көшеде сөйлеспек болғанда әңгімелері жараспай қалғанын мойындайды. Бірақ, ұрмақ түгіл, саусағым да тиген жоқ деп ақталып отыр.

"Ол кісі ауданның прокурорымен сөйлесіп қойғанмын, қолыңнан келгенін істе деді, "сен әйелдердің сөзін тыңдайтын қатын екенсің" деп айтты. Сол арада екеуара сөзге келдік, машинадан түсті. Бір-біріміздің жағамыздан ұстастық, мен қолымды итеріп жіберіп едім, құлады, болды, бетпен құлады. Сөйтіп тұрды, қасы жыртылды, екеуміз екі жаққа бұрылдық та кеттік. Ол кісі "мен саған көрсетемін" деді, "мейлі оны өзіңіз білесіз" дедім. Бетпен бір рет құлады, жаман құлады бірақ", - деді Қазығұрт аудандық мәслихаттың депутаты Яссауи Мүслім.

Қазір бұл бойынша аудандық полиция басқармасы "денсаулыққа орташа дәрежелі зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғады. Депутаттың ұрғаны дәлелденсе онда 33 жастағы Яссауи Мүслім мандатынан айырылмақ. Бірақ кәсіпкердің әрекетін бәлеқорлық деген ол жала жабу дерегімен қарсы арыз жазбақшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro