Түркістан облысында Қасым, Жомарт, Кемел дүниеге келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Түркістан облысында Қасым, Жомарт, Кемел атты үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында Қасым, Жомарт, Кемел атты үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келес ауданы Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды.

Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыз балаға Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты.

Әкімдік мәліметінше, Қасым, Жомарт, Кемел - Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы. Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-ші аптасында босанған. Көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың есімін анасы қойған. Үшем шала туған, балалардың салмағы 2000 грамм шамасында.

"Ота жасаған және жалпы №1 перинаталдық орталығының акушерлік блогына алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық", - деді үшемнің анасы.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі егіздер, үшемдер, төртемдер туралы ақпаратты ұсынды:

- 2019-2024 жылдары елімізде 48549, биыл 4585 егіз дүниеге келді;

- 2019-2024 жылдары елімізде 664, биыл 89 үшем дүниеге келді;

- 2019-2024 жылдары елімізде 8 төртем бар дүниеге келді. Биыл төртемдер дүниеге келген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro