Түркістан облысында шаруашылық жүргізу аумағындағы жасанды орларда жорғалаушылар мен қосмекенділер тереңнен шыға алмай өлген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысында шаруашылық жүргізу аумағындағы жасанды орларда жорғалаушылар мен қосмекенділер тереңнен шыға алмай өлген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының сайтына сілтеме жасап.
20 мамырда экспедицияға қатысқан мамандар Сарыағаш пен Шардара елді мекендері арасындағы орлардан бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділерді тапқан, олардың көбі - Орта Азия тасбақалары. Тереңдігі екі метрге жуық қазылған орда кей жануар өліп қалған.
Сол күні экологтар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен байланысқан, ол 21 мамырда Сарыағаш аудандық әкімдігі қызметкерлерінің оқиға орнына баруын ұйымдастырған.
Elitar.kz порталының мәліметінше, Сырдария-Түркістан ұлттық табиғи паркінің аумағында ор қазылған, оның ұзындығы екі шақырымнан асады.
"Табиғи парк аумағында жабайы аңдар - бұғылар, қабандар, түлкілер және басқалары мекендейді, демек, олардың бәрі осы ордың құрбаны болуы мүмкін. Себебі егер оған жануар кіріп кетсе, тірі шыға алмауы мүмкін", - деп жазады басылым.
Алғаш рет бұл проблема 2019 жылы көтерілген, сол кезде экспедицияға қатысқан ғалымдар шаруашылық айналасындағы ордан 365 қосмекенді мен жорғалаушы тапқан, оның ішінде сирек кездесетін жануарлар болған. Сол кезде тірі қосмекенділер мен жорғалаушылар өлімнен құтқарылып, ордан 10-50 метр қашыққа апарылған. Зерттеу кезінде бауырымен жорғалаушылардың 16 пайызы өлгені анықталған.
Ұзындығы бір шақырымға созылатын тағы бір орда жорғалаушылардың бірнеше түрі, сондай-ақ екі қозы мен екі ешкі табылған, олар да өздігінен шыға алмай, өлім аузында болған.
Фермерлердің айтуынша, мұндай қоршау өңірде кең тараған. Алайда бұл көптеген қосмекенді мен бауырымен жорғалаушының, соның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгендердің заңсыз жойылуына әкеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!