Түркістан облысында көкпар бергендер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында көкпар бергендер жазаланды © polisia.kz

Түркістан облысында көкпар бергендер жазаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында көкпар бергендер жазаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд іс-шаралары кезінде ауылдардың бірінің маңында көкпар бергендерді анықтады. Тәртіп сақшылары көкпар бергендерді тоқтатып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне таратқан.

"Іс-шараны ұйымдастырушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті құзыретті органдарға жіберілді. Нәтижесінде көкпар берген Төлеби ауданының тұрғынына 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети