Түркістан облысында қыз ұзату тойын жасырын өткізгендер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында қыз ұзату тойын жасырын өткізгендер анықталды © polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері қыз ұзату тойын тарқатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері қыз ұзату тойын тарқатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сарыағаш АПБ қызметкерлері арнайы құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстар барысында, Сарыағаш қаласының көшелерінің бірінде орналасқан тойханада қыз ұзату тойы өтіп жатқанын анықтады. Тойға шамамен 100-ге жуық қонақ жиналған. Полицейлер шараны тоқтатып, қонақтарды үй-үйлеріне тарқатты.

"Көптің басын қосып, өмірлеріне қатер төндірген той иесі мен тойхананы жалға алып жұмыс істеген адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Түркістан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген карантин режимін және шектеу шараларын сақтамағаны үшін, жинақталған құжаттар Сарыағаш аудандық СЭББ-на жолданды", - делінген хабарламада.

Полицейлер карантин режимі әлі де жалғасып жатқанын еске салды. "Сондықтан мейілінше үйден шықпай, адам көп шоғырланған аймақтарға барудан бас тартыңыздар. Қолдарыңызды жиі жуып, медициналық бетперде тағып жүруге кеңес береміз. Өз өміріңіз - өз қолыңызда!", - деді олар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети