16 шілде 2024 16:05

Түркістан облысында мектеп оқушысы ауруханада көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында 10 жастағы оқушы қыз облыстық ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында 10 жастағы оқушы қыз облыстық ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аумақтық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, қызды ата-анасы 7 шілдеде аурухананың қабылдау бөліміне әкеліп, жоғары температура, қалтырау, бұлшықеттің ауруы, құрғақ жөтел және жалпы әлсіздік барын айтып шағымданған. Ол бес күн бойы ауырып, қыздың ата-анасы бұрын жеке медициналық мекеме дәрігерлеріне жүгінгені белгілі болды. Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, ата-анасы бастапқыда қызын ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

"Баланың жағдайының одан әрі нашарлауына байланысты ол реанимация бөліміне ауыстырылды, онда жасанды тыныс алу аппараты және гемодинамиканы тұрақтандыру үшін вазопрессор қолданылды. Жетісу аудандық орталық ауруханасы басшылығының құрамында консилиум ұйымдастырылды, емге түзетулер енгізілді және медавиация арқылы облыстық бейіндегі мамандар (балалар невропатологы, инфекционист, балалар реаниматологы) шақырылды.

8 шілдеде науқасты аймақ мамандары тексеріп, диагнозын қойған. Сағат 19:40-та қарқынды емдеуге қарамастан жүрек қызметі тоқтады. Науқасқа жүрек-өкпе реанимациясы жасалды, бірақ сағат 20:10-да биологиялық өлім тіркелді", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Otyrar.kz мәліметінше, оқушы қыздың ата-анасы дәрігерлер баланың кейбір дәрілерге аллергиясы туралы ақпаратты ескермегенін айтады. Бұл туралы марқұм қыздың анасы медицина қызметкерлеріне ескерткен.

Басылымның мәліметінше, баланың өліміне қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Түркістан облысы Жетісай орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері тексеру қорытындысы полицияға берілетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.69   490.7   5.38 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети