25 мамыр 2019 14:23

Түркістан облысында мектеп түлектері көпбалалы анаға үй сыйлады

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Абай мектеп-лицейінің 1999 жылы мектеп бітірген түлектері 4 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуанышқа кенелген Юсупова Назира Жапарқұлқызы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүрген болатын. Назира апай қасиетті рамазан айында  мектеп бітіргендеріне 20 жыл толғанын игі іспен өрнектеген түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бұл қайырымдылық шарасы "Алтын ұям" жобасы аясында өтіп отыр.

Реклама
Реклама

Мичурин совхозында жұмысшы болып қызмет атқарған Назира Жапарқұлқызы сол маңайдағы Таусағыз ауылында жалдамалы пәтерде тұрған. Бүгінгі таңда бала күтімімен үйде отыр. 

Мұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Былтыр дәл осы Абай мектеп- лицейінің 1998 жылы бітірген түлектері 7 баласы бар жалғыз басты анаға аудан орталығынан төрт бөлмелі үйді сыйға тартқан болатын. Осындай қайырымдылық  шаралары 20 жылдықты атап өтетін түлектер арасында дәстүрге айналғандай.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram