31 шілде 2019 | 10:41

Түркістан облысында полицейлер жоғалған 17 жылқыны тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқы үйірін бір күн ішінде тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқы үйірін бір күн ішінде тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Мақтаарал АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан арыз түседі. Арызданушы жайылымдық жердегі 17 бас жылқысының ұшты-күйлі жоғалып кеткенін айтады. Аталған арыз Мақтаарал АПБ-не тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің айтуы бойынша 6 миллион 550 мың теңгедей шығын келген.

Жоғалған жылқыларды тез арада табу үшін аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі полицейлерінен бірнеше мобильдік топ құрылды. Олар  ауылдың шығар жерлерін тексеріп, жылқылар жайылатын аймаққа қарай бірден бағыт алып іздестіруді бастап кетеді. Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алады, сонымен қатар мал базарлар мен мал тасымалдайтын көліктер тыңғылықты тексеріледі. Нәтижесінде, білікті полицейлер алыс жайылымдық жерден жылқы үйірін бір күннің ішінде тауып, ауылға айдап әкеледі.

Осылайша жоғалған 17 бас жылқы иесіне тапсырылды. Жылқылар жоғалған сәттен бастап жедел әрекет етіп, ұры-қарының қолына түспеуіне септігі тиген полицейлерге жәбірленушінің айтар алғысы шексіз.

"Тәртіп сақшылары 17 бас жылқымды күн-түнге қарамастан іздестіріп, тауып берді. Тәжірибелі полицейлердің арқасында жылқыларым дін аман табылып отыр. Полицейлердің шын мәнінде жедел қызмет ететініне көз жеткіздім. Әсіресе, мен хабарласқан сәттен бастап барлық жұмысын тастап, тез арада әрекет еткен учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Дәулетбек Мейірбек Өмірбекұлына алғысым шексіз. Қызметтерің абыройменен аса берсін. Рахмет сіздерге..." деген мал иесі сақшыларға ризашылығын жеткізді.

Өз кезегінде облыс полицейлері мал жайылымында малдарды қараусыз қалдырмауға және ұқыпты болу керектігін айтады. Сондай-ақ мал тұрағының шаруашылық жайы мұқият бекітіліп, қажетінше ен салынып, таңбалануы тиіс. Мал қораларды да жақсылап қоршап, бекітіп, жарықтандырған жөн. Төрт түлік жоғалса немесе ұрланса, уақыт жоғалтпай полиция бөліміне тез арада хабарласқаныңыз дұрыс.

Егер де сіз кез-келген қылмыстық оқиғаның куәгері немесе құрбаны болсаңыз, онда тез арада полицияның "102" нөміріне хабар беріңіз. Сонда ғана сіздің арызыңыз өз шешімін таба бермек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети