Түркістан облысында полицейлер күшейтілген режимге көшірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында полицейлер күшейтілген режимге көшірілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция күшейтілген тәртіппен қызмет етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция күшейтілген тәртіппен қызмет етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы аумағында қолайсыз ауа райына байланысты жолдың жабылып, полицияның күшейтілген тәртіппен қызмет етіп жатқанына бүгін екінші күн.

"Жол апаттарын болдырмау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды. Мәселен, 1 ақпанда Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар Шолаққорған – Ащысай – Кентау жолы мен Жамбыл облысымен шекаралас аумақтағы халықаралық Алматы – Ташкент – Термез жолының 534-593 шақырымы қар мен боранның салдарынан жолдың көрінбеуіне байланысты жабылды", - делінген хабарламада.

Барлық транспорт қозғалысына шектеу қойылып, жолаушылар жылы және қауіпсіз орындарға жеткізіліп жатыр.

"Барша азаматтардан жолға шықпауларын сұраймыз! Ұзақ жолға шығу аса қажет болып жатса, көлікті дайындап, көп мөлшерде жанар-жағармаймен қамдап, қосымша сыртқы жылы киімдер мен азық-түлік алуды ұсынамыз. Сондай-ақ, міндетті түрде жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырамыз", – дейді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети