ПОДЕЛИТЬСЯ
03 мамыр 2020 | 14:56
Түркістан облысында селден 620 үй бүлінді
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 4 елді мекенді су басып, 620 үй бүлінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 4 елді мекенді су басып, 620 үй бүлінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Аудандағы Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) ауылдары су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй бүлінген.
Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланыпты. Қазіргі таңда мұнда 7 мыңға жуық адам орналастырылған.
"Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкері тексеруден өткізіп жатыр. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елі мекендеріне 5 блокбекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр", - делінген хабарламада.
Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда аудандағы жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек тұрғындарға уақытылы көрсетіліп жатыр.
Айта кетейік, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Показать комментарии
Читайте также