02 мамыр 2020 11:30

Түркістан облысында екі ауылды су басты: әуеден түсірілген видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзекстанда су бөгеті жарылғаннан кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Су басқан ауылдардың әуеден түсірілген видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өзекстанда су бөгеті жарылғаннан кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Су басқан ауылдардың әуеден түсірілген видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзбекстанда 1 мамыр күні болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылды.

Көрші елдегі бөгеттің бұзылуынан туындаған зардаптарға байланысты, Қазақстан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерінің тұрғындары қауіпсіз жаққа көшіріліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады. 

"Жағдай бақылауда, әуеден тексеріс жүргіздік. Су одан әрі кетпесе, эвакуациялауды жалғастырудың мәні жоқ. Ал су ағыны күшейсе, онда барлық адамды, малды өзіміз шығарып, мүлікті қорғауға тырысамыз. Ол үшін жақын маңдағы Сарыағаш, Келес, Шардара және Жетісай аудандарынан күштер жұмылды. Әр аудан жеке елді мекенмен айналысады. Барлық әкімге тізім жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және команда берілген жағдайда тұрғындарды жаппай көшіруге дайындауға тапсырма берілді. Ең бастысы - сабыр сақтау. Жағдай күрделі, бірақ біз оны бақылауда ұстаймыз", - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар жөніндегі штаб Мырзакент ауылында құрылды, онда жағдайды қадағалайтын барлық қажетті қызметтер жиналған, олар су басу қаупі жойылғанда, эвакуацияланған тұрғындарды кері қайтуға көмектеседі.

Өзбекстандағы апат салдарынан Қазақстандағы екі ауыл су астында қалды

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, 2 мамыр күні сағат 04.30-да Мақтарал ауданының шекарасында коллектордан су өтіп, Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендері су астында қалған. 

Сондай-ақ, Мырзакент - Жеңіс - Жаңа Тұрмыс автомобиль жолдарын су басты.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети