Түркістан облысында Шекара қызметі академиясының 19 жастағы студентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында Шекара қызметі академиясының 19 жастағы студентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Түркістан облысындағы ҰҚК Шекара қызметі академиясының 19 жастағы студентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы ҰҚК Шекара қызметі академиясының 19 жастағы студентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі ҰҚК Шекара қызметі академиясының 2-курс курсанты Дәулет Жұпарбеков Алматыда лаңкестерге қарсы күрес кезінде қаза тапқанын мәлімдеді.

"Курсант Отан алдындағы жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды. Марқұмның денесі туған жері Түркістан облысы Сарыағаш ауданына жеткізілді. Түркістандықтар оны ақтық сапарға шығарып салды", - деді әкімдік қызметкері.

Сарыағаш ауданы әкімі Мұхит Отаршиев, үлкендер, әскери өкілдер мен басшылар, жергілікті тұрғындар марқұмның отбасына көңіл айтты.

"Дәулет өз елінің нағыз патриоты бола білді. Өз қызметіне адал, достарының арасында сыйлы болды. Ол әлі де елі үшін көп нәрсе істей алар еді, болашағынан көп үміт күттіретін. Орны толмас қазаға қайғыра көңіл айтамын. Батыр ұлдарыңыздың жарқын бейнесі аудан жұртшылығының есінде мәңгі қалады", - деді аудан әкімі.

Дәулет Жұпарбеков 2002 жылы 1 желтоқсанда Сарыағаш қаласында дүниеге келген. Толыбай батыр атындағы орта мектепті бітіре салысымен Алматыдағы ҰҚК Шекара қызметі академиясына оқуға түскен. 

"Ол - отбасындағы екінші ұл. Артында ата-анасы, әпкесі мен екі бауыры қалды. Ел бірлігі жолында ерлік көрсеткен Дәулет Бауыржанұлының есімі мәңгі есте қалады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети