Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Білім басқармасының жаңажылдық кешіндегі видеолар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Білім басқармасының жаңажылдық кешіндегі видеолар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеода бір топ адам дәмханалардың біріне жиналып, мерекені тойлап жатқаны көрінеді. Бірақ кенеттен полиция қызметкерлері мен блогерлер бөлмеге кіріп келеді. Блогерлер мен полиция қызметкерлерін көрген қонақтар беттерін бүркеп асығыс шыға бастайды.
Видео авторы мектептер мен балабақшаларда ертеңгілікке тыйым салынғанымен, шенеуніктердің корпоратив өткізіп жатқанына ашуланған.
Видео авторы Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев корпоративтен қашып кеткенін түсіріп алғанына сенімді. Кадрда ер адам көшеде оператордан қашып, шағын арнадан өтіп, кейін көлікке мініп, қашып кеткені көрсетілген.
Алайда облыстық білім басқармасы видеода Рахымбек Жолаев жоқ екенін мәлімдеді.
"Бұл видеодағы басқарма басшысы емес, бұл қате ақпарат. Кафеге келсек, иә онда қызметкерлер жиналған, оларға жай ғана сертификаттар берілген. Басшы барып құттықтап, кетіп қалған. Ешкім карантин шараларын бұзған жоқ", - деп түсіндірді ведомство баспасөз қызметі басшысы.
Кейін корпоративтің видеосын түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған қоғам белсенділері сотқа тартылатыны белгілі болды. Белсенділерге қарсы арызды Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлері жазған.
Шенеуніктер видео мемлекеттік қызметкерлердің беделіне нұқсан келтірді деп отыр: санитарлық талаптар бұзылмаған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, банкет заңды түрде ұйымдастырылған, мейрамханаға небәрі 50 адам жиналған.
"Үш-төрт қызметкердің атынан олардың беделіне нұқсан келтіргені үшін сотқа талап-арыздар дайындалып жатыр. Санитария дәрігер 100 адамға дейін корпоративтік шаралар өткізуге рұқсат берді. Ал бұл талаптар бұзылған жоқ", - деді Түркістан облысының Адами даму департаменті басшысы Әлжан Сапарбеков.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!