21 қыркүйек 2024 | 10:18

Түркістан облысында сотталғандар шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Түркістан облысында сотталғандар шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында сотталғандар шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеуіне байланысты шу шығарған.

20 қыркүйек күні кешке сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберген. Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілген.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 428-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау, Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана зиян келтірумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу), - деп хабарлады облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети