11 қазан 2022 12:56

Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандық студенттің денесі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушылар Түркістан облысында досымен бірге суға батып кеткен шетелдік студенттің денесін тапты. Іздестіру жұмыстарына 12 құтқарушы мен екі қайық жұмылдырылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құтқарушылар оны Ақсу өзенінің маңынан тапқан. Табылған мәйіт сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне берілді.

Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.

"10 қазанда сағат 13:15-те Ханарық ауылының солтүстік жағынан 1 жарым шақырым төмен жерде іздестіру жұмыстары барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақсу өзенінен бір адамның денесін тапты. Табылған мәйіт сараптама жүргізу үшін Полиция департаментіне берілді. Екіншісін іздеу жалғасуда. Іздестіру жұмыстарына Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, 1 жүзу құралы, Түркістан облысы ТЖД 7 құтқарушысы, 1 жүзу құралы жұмылдырылды", - деп хабарлады Түркістан облысы ТЖД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети