28 мамыр 2021 | 16:37

Түркістан облысында табылған үш жігіт қалай адасып кеткенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Түркістан облысында табылған үш жігіт оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында табылған үш жігіт оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, үшеуі эвакуацияланды. 

"Олардың жағдайы жақсы. Медициналық көмек қажет емес. Екеуі 1999 жылғы, біреуі 2000 жылғы. Олар үш күн бұрын екі топқа бөлінгенін айтады", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Студенттер 21 мамырда шығып, екі күн жол жүргеннен кейін қайтып келе жатқан кезде жолда адасып кеткен.

"Кейін жеті адамның біреуі ауырып қалды, сол үшін үшеуі бір орында қалды да төртеуі ары қарай кетті. Үшеуіміз үш күн түнедік сол жерде. Сосын бүгін шығып келе жатқан кезде бізді тауып алды ТЖМ қызметкерлері. Бүгін бізді өзен жағасынан жіппен түсіп құтқарып алды. Барша атсалысқан адамдарға алғысымызды айтамыз", - дейді жігіттер. 

Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. Бүгін жоғалған 7 жігіттің үшеуі табылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети