Түркістан облысында тағы бір “Келешек мектеп“ ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында тағы бір “Келешек мектеп“ ашылды Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Созақ ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің ескі ғимараты 1961 жылы салынып, 1962 жылдан бері пайдаланылып келген болатын. Уақыт өте келе ғимарат апатты деп танылып, оның орнына Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан "Келешек мектептері" жобасы аясында жаңа, заманауи оқу ордасы салынды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Созақ ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің ескі ғимараты 1961 жылы салынып, 1962 жылдан бері пайдаланылып келген болатын. Уақыт өте келе ғимарат апатты деп танылып, оның орнына Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан "Келешек мектептері" жобасы аясында жаңа, заманауи оқу ордасы салынды.

Жаңа "Келешек мектеп" ғимараты 900 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мұнда 1300-ден астам бала екі ауысымда білім алуда. Мектептің басты ерекшелігі – білім беру үдерісіне барынша қолайлы жағдай жасалғаны. Кең әрі жарық сынып бөлмелері, заманауи жиһаздар мен оқыту құралдары, қауіпсіздік жүйесі және инклюзивті ортаға бейімделген инфрақұрылым – бәрі де оқушылардың сапалы білім алуына бағытталған.

Білім ордасында 64 оқу кабинеті, спорт залы, акт залы және асхана толық жабдықталған. Мектептің материалдық-техникалық базасы жаңа деңгейге көтерілді. Ішінде интернетке қосылған 5 арнайы компьютер кабинеті бар. Сондай-ақ оқу үдерісін цифрландыру мақсатында 64 интерактивті тақта орнатылған.

Бүгінде 120-дан астам жоғары білімді педагог шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Ұжымда тәжірибелі зерттеуші, сарапшы, модератор және шебер педагогтер қызмет атқарады. Олардың кәсіби дамуына және оқыту сапасын арттыруға барлық мүмкіндік қарастырылған.

Жаңа "Келешек мектеп" ғимаратының ашылуы – Созақ ауданының білім беру жүйесіндегі маңызды жаңару. Бұл жоба өңірдегі балаларға заманауи жағдайда білім алуға, ұстаздарға қолайлы еңбек етуге мүмкіндік беріп отыр.

Tengrinews
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети