Түркістан облысында тағы жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында тағы жаңбыр жауады © Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 15 мамырда Түркістан облысында тағы да жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 15 мамырда Түркістан облысында тағы да жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Өңірде 14 мамырда сағат 21.00-ден 15 мамыр сағат 21.00-ге дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Дауылдың ықтималдығы - 90-95 пайыз.

"15 мамырда Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы найзағай кезінде секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте 15 мамырда түннің бірінші жартысында күн күркірейді. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК өкілі. 

Еске салайық, 13 мамыр күні кешке Түркістан облысында жауған жауын-шашын салдарынан су деңгейінің жоғарылауына байланысты ондаған жеке үйді су басып қалған болатын.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы бір Елтай шағын ауданының өзңнде 60 аула аумағын су басты. 150 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ, қатты жаңбырдан Бадам өзені тасып, тағы 31 адам эвакуацияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети