Түркістан облысында түлектер 4 баланың анасына баспана сыйлады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында түлектер 4 баланың анасына баспана сыйлады

Түркістан облысы Түлкібас ауданында мектеп бітіруші түлектер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады, - деп хабарлайды КТК тілшісі stan.kz сайтын сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында мектеп бітіруші түлектер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады, - деп хабарлайды КТК тілшісі stan.kz сайтын сілтеме жасап. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1999 жылғы түлектер 20 жылдық мерейтойы қарсаңында көпбалалы анаға пәтер сатып алып берді. Олар "Алтын ұя" жобасын қолдап, 4 баланы жалғыз асырап отырған анаға үй сыйлады.

Осы уақытқа дейін Мичурин совхозының қызметкері Назира Жапарқұлқызы Таусағыз кентіндегі жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр болған. 

Қазір ол декреттік демалыста. Мұндай игі іс Түлкібас ауданында бірінші жағдай емес. Былтыр осы мектеп бітірушілері жеті баланың анасына аудан орталығынан 4 бөлмелі үй алып берген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети