Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған келіншек табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған келіншек табылды

Түркістан облысының полицейлері бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып, халықаралық іздеу жарияланған жас келіншекті жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде аман-есен тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып, халықаралық іздеу жарияланған жас келіншекті жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде аман-есен тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Түркістан облысы Сауран ауданындағы полиция бөліміне жоғалып кеткен келіншектің анасы арызданған. Ол арызында қызы ауруханаға кететінін айтып, үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан. 

Жоғалған келіншекті жедел іздестіру мақсатында Түркістан облысы ПД басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов бірқатар тапсырма беріп, бұл деректі жеке бақылауына алды. Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары Құрманбек Саховтың басшылығымен тәжірибелі полицейлер іздеу жұмыстарымен айналысты. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарымен қалалық және аудандық полиция департаменті бөлімдерінің қызметкерлері айналысқан.

Тараз, Қызылорда, Шымкент және Алматы полицейлері де іздеу жұмыстарына кіріскен болатын. Келіншекке халықаралық іздеу де жарияланды. 

Осылайша, күні-түні мұқият жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде Назым Алдаш Жамбыл облысының Жаңатас қаласынан табылды. Полицейлер Назымның азаматтық жұбайымен бірге болғанын анықтады. Қазіргі уақытта жас келіншектің жоғалу себептері тексеріліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети