Түркістан облысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді Фото: polisia.kz

ІІМ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

11 қыркүйекте Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

"Топтың төрт негізгі ұйымдастырушысы мен олардың қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында олардың көрші елдерден келген азаматтарға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Өздерінің "қызметі" үшін күдіктілер әрбір мигранттан 500 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Жүргізілген тінту кезінде шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, электронды тасымалдаушылар және байланыс құралдары тәркіленді.

Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша – Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети