Түркістан облысындағы 60-тан аса ауылда ішімдік сатылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы 60-тан аса ауылда ішімдік сатылмайды Midjourney

Қазақстанның оңтүстігіндегі 60-тан аса ауылда ішімдік сатылмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның оңтүстігіндегі 60-тан аса ауылда ішімдік сатылмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыс бойынша 61 ауыл (Дермене, Табысты, Жаңажол, Нұртас, Мәдениет және т.б.) ішімдік сатудан бас тартты. Бұл арақсыз ауылдар құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Бұл ауылдарда кейінгі бірер жылда қылмыс тіркелмеген, тәртіп пен тыныштық орнаған. Осындай берекелі ауылдар өзгелерге үлгі болуға тиіс", - деді өңірдің ПД бастығы Мұрат Қабденов.

Түркістан облысында 2024 жылы тіркелген қылмыстық құқықбұзушылық саны 3,2 пайызға төмендеген.

Ұрлық 38,7%-ға, мал ұрлығы 43,7%-ға азайған. Пәтер ұрлығын жасаған 8, алаяқтық қылмыстарын жасаған 23, мал ұрлаумен айналысқан 16 қылмыстық топ ұсталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 479.29   550.69   5.85 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети