1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Түркістан облысындағы апат: Мақтаарал ауруханаларында COVID-19 жұқтырғандар жоқ

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысындағы апат: Мақтаарал ауруханаларында COVID-19 жұқтырғандар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланды.

"Тұрғындардың біразы туған-туысына кетсе, қалған үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық-түлік, ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Жетісай ауданындағы инфекциялық ауруханада облыс бойынша 32 науқас ем алып жатса, Мақтаарал ауданының ауруханаларында бірде-бір науқас жоқ", - делінген хабарламада.

Дәрігерлер індеттен сақтау бойынша барлық шараны қолға алды. Халыққа антисептик, бетперде, қолғап тегін таратылып, әр азаматтың дене қызуы тепловизормен тексеріліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Қазақстанда күн суытады