Түркістан облысындағы балабақшадағы оқиға: бала қалай жарақат алғаны анықталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы балабақшадағы оқиға: бала қалай жарақат алғаны анықталды Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында бір жарым жасар бүлдіршін балабақшада қалай жарақат алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында бір жарым жасар бүлдіршін балабақшада қалай жарақат алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға 12 сәуір күні түстен кейін Шәуілдер ауылында болған. Сағат 15:00 шамасында Отырар аудандық полициясының кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен. Онда кішкентай бүлдіршіннің жарақатпен ауруханаға түскені айтылған.

"Баланы Шәуілдір ауылындағы балабақшаның жанында көлік соққаны анықталды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баланы қаққан Opel көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

"Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп қосты полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети