06 шілде 2020 | 16:14

Түркістан облысының тұрғыны "Аскорбин қышқылын" 5 000 теңгеден сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Pixabay.com Сурет: Pixabay.com

5 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

5 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексерулердің мақсаты - карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық аурулардан емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау.

Рейд барысында дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған адамдар анықталды. Олар дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын тудырып, кейін дәрілерді нақты құнынан бірнеше есе артық бағамен қайта сатқан.

Ондай деректер еліміздің барлық өңірінде анықталды. Кәсіпкерлер дәрі-дәрмектерді "сөреден" сатып алып, фискалдық чектерді шығармай сатқан. Салдарынан адамдар дәрілерді қымбат бағаға алуға мәжбүр болған.

Сонымен қатар, әйел адам интернет-ресурстардағы хабарландыру арқылы "Парацетамол", "Ингавирин", "Цефтриаксон", "Азитромицин" сияқты аса қажетті дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан. Нұр-Сұлтан қаласындағы ОСО-ның бірінің тұрағында ер адам ұсталды, оның автокөлігінен аталған дәрілік препараттары бар екі қорап табылды.

Шымкент қаласында "Левомак" медициналық препаратын 12 000 теңгеге сатқан жергілікті тұрғын полицияға жеткізілді. Ол дәрі бағасын өз бағасынан алты есе қымбатқа сатқан.

Дәріханада провизор болып жұмыс істейтін Шымкент қаласының тағы бір тұрғыны "Дексаметазон-Аджио" препаратының ампулаларын 5 000 теңгеден сатқан, ал оның негізгі бағасы - 600 теңге.

Түркістан облысында ер адам "Аскорбин қышқылын" 5 000 теңгеден сатқан, оның негізгі бағасы - 250 теңге.

Осыған ұқсас фактілер Алматы қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында анықталды.

Рейдтің бірінші күні полицияға барлығы 21 адам жеткізілді, олардан 3500-ден астам дәрілік заттар тәркіленді, оның ішінде "Ацетилсалицил қышқылы" - 2100 орам, "Парацетамол" - 589 орам, "Цефтриаксон" - 230 ампула, сондай-ақ 17 800 медициналық маска, бір рет қолданылатын 60 қолғап, 105 қорғаныс халаты (комбинезондар), 80 қорғаныс көзілдірігі, 79 термометр және 100-ден астам антисептикалық құралдар (300 литр).

Барлық анықталған дерек бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Ішкі істер министрлігі дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға тап болған тұрғындарды, сондай-ақ мұндай фактілер анықталған жағдайда жақын жердегі аумақтық полиция бөлімшелеріне немесе "102" және "112" телефондары арқылы хабарлауға шақырады.

Рейд жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети