Түркістан: Сайрамда Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан: Сайрамда Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сайрамда аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Жиынды аудандық ҚХА төрағасы, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев жүргізді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайрамда аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Жиынды аудандық ҚХА төрағасы, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев жүргізді.

Сессия жұмысына облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, аудандық Ассамблея және үкіметтік емес ұйым мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

"Ассамблея – еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің берік діңгегі. Ол әр этностың мәдениеті мен дәстүрін сақтап, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Ассамблея этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту ісінде негізгі рөл атқарады. Міне, бүгін Сайрам ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы отырысы өтті. Бүгінде Ассамблея болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен келісімнің өнегесін ұсынатын бірегей институт болып отыр. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін", - деді Нұрсұлтан Сейтжанов.

Күн тәртібінде аудандық ҚХА құрамы, жұмыс жоспары мен негізгі басымдықтары таныстырылды. Сонымен қатар, этносаралық қатынастарды нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер баяндалып, олардың алдын алу шаралары сөз болды. Бұдан бөлек, Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары аудандық ҚХА тарапынан жүзеге асырылатын жұмыстар мен бірлескен бастамаларды қолдау жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді. Сессия қорытындысында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, келесі отырыстың күн тәртібіне енгізілетін мәселелер талқыланды.

Жиын барысында аудандағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралардың санын көбейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сонымен бірге бірлік пен ынтымақты өркендететін жаңа бастамаларды қолдау қажеттігі атап өтіліп, алдағы жұмыстардың негізгі басымдықтары белгіленді.

Сондай-ақ, Сайрам ауданынан арнайы жер бөлініп, Достық үйін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде екені атап өтілді.

Негізінен Ассамблеяның алғашқы отырысы болғандықтан, алда атқарылатын жұмыстар пысықталған.

Суреттер: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tengrinews
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети