Түркістан: үздік ұстазға - Самарқанға тегін жолдама, үздік оқырманға - бағалы сыйлықтар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркістан облысында үздік жетістіктер көрсетіп, үлгіге айналған мектептер жетерлік. Оқушылардың білім сапасын арттырып, оларды жетістікке ынталандыратын түрлі шаралар өтеді. Ұстаздар да қолдау білдіреді. Сәйкесінше білім көрсеткішіне қарай нәтижелер бағаланады. Осындай белсенді мектептердің бірі - Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы №71 жалпы білім беретін мектеп. Толығырақ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында үздік жетістіктер көрсетіп, үлгіге айналған мектептер жетерлік. Оқушылардың білім сапасын арттырып, оларды жетістікке ынталандыратын түрлі шаралар өтеді. Ұстаздар да қолдау білдіреді. Сәйкесінше білім көрсеткішіне қарай нәтижелер бағаланады. Осындай белсенді мектептердің бірі - Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы №71 жалпы білім беретін мектеп. Толығырақ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы №71 жалпы білім беретін мектепте 361 оқушы болса, оларға 60 ұстаз білім беріп, тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Мектепте оқу үрдісін жетілдіру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру бағытында түрлі жобалар жүзеге асырылады.

Ерекше атап өтер жайт, мектепте пән бірлестіктері білім көрсеткіштері бойынша өзара жарысқа түскен. Жарыстар нәтижесі де бар. Атап айтар болсақ, мектепті бітерген 32 түлектің 4-еуі "Алтын белгі", 3-еуі "Үздік аттестат" иегері атанса, 22 оқушы мемлекеттік грант арқылы жоғары оқу орнына түскен. Бұл көрсеткіштер білім сапасының жоғары екеніне дәлел деуге болады. Бұдан бөлек мұғалімдер мен оқушылардың жыл бойындағы еншілеген жетістіктері де жетерлік.

Жуырда пән бірлестіктерінің жұмысы қорытындыланды. Мектеп директоры Әмзе Сарыбаев өткен жылдың үздіктерін марапаттады. Мектеп директоры 2024 жылдың үздік ұстазы Нүриддин Шораевқа тиісті диплом мен демеушілер есебінен Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласына тегін жолдама табыстады.

Тағы бір жағымды іс – "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектепте оқырмандар байқауы ұйымдастырылған. Байқау қорытындысы оқу жылының соңына қарай шығарылады. Жеңімпазға демеушілер есебінен дайындалған 2 велосипед және өзге де сыйлықтар тапсырылады. Жобаның басты мақсаты – оқушылар арасында оқу мәдениетін қалыптастырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру.

Бұдан бөлек, мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында түрлі іс-шаралар, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар және спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Мұның барлығы білім сапасын көтеріп қана қоймай, оқушылардың жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін Төлеби ауданында 2024-2025 оқу жылында республикалық, облыстық байқауларда топ жарған 40 оқушы "Тау самалы" демалыс аймағында демалып келгені хабарланған болатын. Атап айтсақ, олардың қатарында спорт пен өнерде және пән олимпиадаларында үздік нәтиже көрсеткендер болды.
Теги:

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro