19 шілде 2023 | 15:00

Түркістанда ер адам балаларға заңсыз діни сабақтар өткізген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Түркістанда кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген ер адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген ер адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында, кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады.

Яғни, Түркістанның тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздар айтқан, ал оқу ақысы 100 мың теңге болған.

Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде 68 бала діни бағыт бойынша сабақ алғаны расталды. Сондай-ақ, оқушылар арасында Түркістан ғана емес, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстан Республикасының балалары да білім алғаны анықталды.

Оған қоса, полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен сараптамаға бағытталған 100-ден аса діни сипаттағы кітаптарды тәркіледі.

Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 3-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз діни қызметпен айналысқаны және діни әдебиеттерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети