Түркістанда Халықаралық балаларды қорғау күнінде 500 оқушы бір мезетте күй тартты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. "Бақытты балалық шақ" мерекелік іс-шарасына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, балалармен бірге көрме мен концерттік бағдарламаны тамашалады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. "Бақытты балалық шақ" мерекелік іс-шарасына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, балалармен бірге көрме мен концерттік бағдарламаны тамашалады.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Халықаралық, республикалық, ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларында дарынды балаларымыз 23 алтын, 17 күміс, 20 қола медальға қол жеткізіді. Бұл – біздің өңірде талантты, білімді, жігерлі балалар өсіп келе жатқанының белгісі. Қымбатты балалар! Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жазғы демалыстарыңыздың қызықты өтуіне шын жүректен тілектестігімді білдіремін", – деген өңір басшысы халықаралық, республикалық байқаулардың, олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттады. Сондай-ақ қаржылай сыйақы сертификаты тапсырылды.

Еліміз бойынша жаңа мектептер ашу жөнінен де өңір алдыңғы қатарда. Мемлекет басшысының "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары өңірде 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Жазғы сауықтыру лагерлерінде 70 мыңдай оқушы демалады.

"Керуен сарай" туристік кешенінде өткен жиында тақырыптық көрме жасақталған. 500 оқушыдан құралған домбырашылар бір мезетте күй тартты. Балалардың қолданбалы өнер бағытындағы шығармашылық жұмыстарының жәрмеңкесі өтті. "Кітаптар жазы" көрмесі және "Farab" кітапханасының балаларға арналған кітаптар көрмесі жасақталды. "Drone challenge" және "Robo fest" көрмесі де мереке сәнін кіргізді.

Колледж студенттерінің өз қолдарынан жасалған ұлттық киім үлгілерінен үздік "Дефиле" топтамасы көпшілік назарына ұсынылды. "Айбын" әскери-патриоттық қозғалысының оқушыларынан құралған үздік іс-қимылдар көрсетілді. Балалар үшін аквагрим ұйымдастырылды. Аудан, қалалардан келген үздік суретші балалардың "Түркістан балалар көзімен" көркемсурет галереясы ұсынылды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдараламаға ұласты.

Айта кетейік, облыс халқының 38%-ы балалар, олардың 155-мыңнан астамы балабақшада, 520 мыңы мектепте білім алуда. Бұл республикадағы ең үлкен көрсеткіш. Өңірде балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуда. Балабақша, мектеп, "Оқушылар сарайы", түрлі өнер және спорт үйірмелері жұмыс істеп тұр.

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro