11 сәуір 2021 10:20

Түркістанда "қазақстандық Венеция" ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Primerminister.kz Фото: Primerminister.kz

10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешенінің  ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешенінің  ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City компаниясы іске асырды, кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталды. Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 гектар аумақта орналасқан. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді. Бұл ретте, барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы "қайық шеруі" театрландырылған шоуы өткізіледі.  

"Керуен-сарай" кешенінің Орталық Азияда баламасы жоқ және ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын басты орталыққа айналуы тиіс. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан | Мобилограф-Видеограф (@russyasensei)

"Керуен-сарай" кешенінің ашылу салтанатына Премьер-Министр Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты. 

Мамин Түркістандағы Қазақ музыкалық драма театрына барды. Ғимараттың жалпы ауданы 11 мың шаршы метрден асады. Бұл аса жаңа жабдықтармен және театр жұмысына қажетті барлық бөлмелермен жабдықталған заманауи кешен. Көрермендер залының сыйымдылығы - 510 адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети