09 желтоқсан 2024 | 16:58

Түркістандық өнерпаз екі аяғының көмегімен сурет салып, жазу жазады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нышанғали Рахман - көпшілікке үлгі болып жүрген жастардың бірі. Ерекше жағдайына қарамастан, белсенді өмір салтын ұстанады. Ол екі аяғының көмегімен сурет салып, жазу жазады. Болашақта архитектор мамандығын жетік меңгеріп, ерекше үйлердің сызбасын жасауды армандайды, - деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нышанғали Рахман - көпшілікке үлгі болып жүрген жастардың бірі. Ерекше жағдайына қарамастан, белсенді өмір салтын ұстанады. Ол екі аяғының көмегімен сурет салып, жазу жазады. Болашақта архитектор мамандығын жетік меңгеріп, ерекше үйлердің сызбасын жасауды армандайды, - деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нышанғали Рахман 19 жаста. Ол Бәйдібек ауданының тумасы. Бүгінде ол Кентау қаласындағы арнаулы колледждің студенті. Екінші курста оқиды. Қазіргі уақытта Нышанғали Рахман өзі сияқты тағдырлас қыз-жігіттермен бірге оператор мамандығын меңгеріп жүр.

Нышанғали көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Оған екі қолының жоқтығы кедергі емес, барлық істі аяғымен істеп үйренген. Ол ұялы телефонды да аяқ саусақтарымен пайдаланып үйренген. Нышанғалидің бұдан өзге де өнері бір басына жетіп артылады. Ол аяғының саусақтарымен тіпті ойын ойнап, компьютердің құрылғыларын ауыстырып, сурет те сала алады.

Суреттер: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Нышанғали Рахманның айтуынша, ол тек сурет салып қана қоймай, ән тыңдап, жарыстарға да қатысады.

"Негізінен анимация және мультфильм кейіпкерлерінің суреттерін салғанды жақсы көремін. Шаршаған кезімде ән тыңдап, өзім ұнатқан суретті салып, жаным демалып қалады. Сонымен қатар, ән айтып, жарыстарға да қатысамын, - деді Нышанғали Рахман.

Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Нышанғали болашаққа қойған армандары мен жоспарларын да бөлісе өтті. Ол архитектор болғысы келеді. Мамандықты жетік меңгеріп, үйлердің сызбасын жасау ойында бар.

"Болашақта архитектор болуды армандаймын. Сәулет өнерінің қыр-сырын меңгеріп, келісті үйлердің сызбасын жасау жоспарымда бар", - дейді Нышанғали.

Нышанғали туралы ұстаздары да айта өтті. Олардың айтуынша, Нышанғали Рахман қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Сондай-ақ, ол колледжде жүріп садақ ату, жүзу, теннис, шахмат, тоғызқұмалақ ойнау сияқты спорт түрлерінен үздіктердің қатарына іліккен. Нышанғали, тіпті, аяғымен садақ атып, ең үздік садақшы номинациясын жеңіп алған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда жаңа көпір ашылды
Қазақстанда ұрлық азайған
Қырғызстанда жер сілкінді
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 517.74  course up  545.31  course up  5.05  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer