27 қыркүйек 2022 13:28

Түркістанға ерекше мәртебе беріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото:Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркістанға ерекше мәртебе беріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістанға ерекше мәртебе беріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын ", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Түркістан қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келгенін атап өтті.

"Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті, мен ата жолын ұстанып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети