Түрме мәзірі: Қазақстанда тұтқындар қалай тамақтанады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрме мәзірі: Қазақстанда тұтқындар қалай тамақтанады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда сотталғандар қалай тамақтанады? Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) өкілдері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сотталғандар қалай тамақтанады? Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) өкілдері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚАЖК Tengrinews.kz ресми сауалына жауап ретінде тұтқындардың ас мәзірі әр тұтқынның тамақтануына қарай өзгеретінін хабарлады. Сотталғандардың күнделікті рационына түрлі ботқа мен көже, көкөніс салаты, шай және жұмыртқа кіреді.

Мәселен, тілшіге Павлодар облысындағы №45 қауіпсіздігі орташа мекеменің ас мәзірі көрсетілді. Колонияда мәзірдің үш түрі бар:

  • диеталық, қант диабетімен ауыратындар үшін;
  • стационарлық емдеуден өтіп жүрген науқастар үшін;
  • стандартты мәзір.

Тұтқындарға арналған диеталық мәзір нұсқаларының бірі мынадай:

  • таңғы ас: сүт, шай, нан, май, жұмыртқа және сүт қосылған сұлы жармасы;
  • түскі ас: ет қосылған бұршақ сорпасы, күріш ботқасы, нан, компот;
  • кешкі ас: қуырып-буланған макарон, шай, нан.

ҚАЖК мәліметінше, күн сайын мәзір өзгереді, тұтқындар әртүрлі тағам жейді.

Науқас тұтқындарға арналған мәзір нұсқаларының бірі:

  • таңғы ас: шай, нан, май, жұмыртқа, сүт пен қант қосылған сұлы жармасы;
  • түскі ас: ет қосылған бұршақ сорпасы, күріш ботқасы, нан, компот;
  • кешкі ас: қуырып-буланған макарон, шай, нан.

Баспасөз қызметі мәліметінше, колонияларда ас мәзірі бір ай бұрын алдын ала дайындалады. Бір күн ішінде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде бірдей тағамдарды қайталауға жол бермейді.

Тұтқындарға арналған стандартты мәзір нұсқаларының бірі мынадай:

  • таңғы ас: шай, нан, май, сүт пен қант қосылған жарма ботқасы;
  • түскі ас: ет қосылған көже, қарақұмық ботқасы, нан, компот, салат;
  • кешкі ас: арпа ботқасы, шай, нан, бауырсақ.

Айта кететін жайт, бір тұтқынға ай сайын 181 мың теңге қаржы жұмсалады. Бір тұтқынның тікелей шығынына жылына 867 мың теңге жұмсалады. Тұтқынның жалпы шығынына айына 208 мың теңге, жылына 2,5 миллион теңге жұмсалады. Ведомство мәліметінше, сотталғандар қоғамдық жұмыстар арқылы кеткен шығынды өтемейді. Колонияда тапқан ақша сот ісін өтеуге жұмсалады.

Еске салайық, 2021 жылы Мәжіліс депутаты мемлекеттік бюджетті жұмсаудағы айырмашылыққа наразы болған еді. Оның айтуынша, балалар жәрдемақысына айына 16,8 мың теңге, ал жазасын өтеушілерді ұстауға 88,5 мың теңге бөлінеді.

Суреттерді ұсынған ҚАЖК баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети