24 қазан 2018 | 08:20

Түрмедегідей тәртіп орнатып, балаларды ұрып-соққан алматылық тәрбиешілер жұмыстан қуылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК телеарнасының кадры © КТК телеарнасының кадры

Алматыдағы №140 балабақшада қос бірдей тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ата-аналардың айтуынша, олар бала тәрбиесінде небір сорақылыққа жол берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы №140 балабақшада қос бірдей тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ата-аналардың айтуынша, олар бала тәрбиесінде небір сорақылыққа жол берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тәрбиешілердің мұндай қылығын ата-аналар бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы әрең дәлелдепті. Видео кадрларында буыны қатпаған бүлдіршіндерді білектің күшімен тезге салған тәрбиешінің әрекеті анық байқалады. Бірін әрі-бері өткенде сызғышпен бетінен ұрып, дәптерлерді төбеден түскендей оңды-солды таратып жүр. Тіпті, ашуға мінгенде аяқ киім лақтырып, қалауынша нұқып қояды. Бірақ, болған жайтты балаларының ауызынан естігенде ата-аналар алғашында сенбегенін айтады.

"Балалар қорқып қалған. Себебі, күнделікті психологиялық қысым көрсеткен. Қорқытып-үркіткен, қолына түскен затпен ұрған. Тіпті, балабақшада түрмедегідей тәртіп орнатып, балалардың арасынан бақылаушы сайлаған. Яғни, оларға қатарластарын жазалап, тәрбиешіге көмектесуге үйреткен", - дейді  Алматы қаласының тұрғыны Анар Нұрсұлтанова.

Алайда, басында түлкі бұлаңға салған меңгеруші соңында жазба өшірілген дискіні қолымызға әрең ұстатты дейді ашулы топ. Бірақ, арнайы маманның арқасында бейнені қалпына келтірген ата-аналар, балабақшадағы сұмдық оқиғаға куә болдық дейді.

Ата-аналардың бірі Мәдина Өксікбаеваның айтуынша, балабақша меңгеруші барлық жерде танысым бар, сендер ештеңе істей алмайсыңдар деп доқ көрсеткен. Ал аудандық ішкі істер бөліміне барған кездерінде бейне жазба өшірілгенін айтыпты. Бірақ нәтижесінде барлығын дәлелдеп шығыпты. 

Ал балабақша меңгеруші болған шуға қатысты қатаң шара қолданып, екі бірдей тәрбиеші жұмыстан қуылғанын айтты. 

"Әбдірешова Кәмила Жүсіпқызы және Аязбекова Перизат екі тәрбиешіге қатаң сөгіс берілді. Біреуі өз еркімен зейнеткерлік жасына байланысты жұмыстан шығып кетті. Екінші қызымыз қатаң сөгіспен жұмыстан шығарылды. Өйткені, тәрбиешілік қызметін дұрыс атқармағаныүшін осындай шаралар болды", - деді  №140 балабақшаның меңгерушісі Алина Нұрмаханбетова

Бір қызығы, баламызды ұрып-соқты деп шағымданған ата-аналарға тәрбиешілердің өкпесі қара қазандай. Тәрбиешілердің бірі Мөлдір Мұқашеваның айтуынша, бұл топта істегеніне 3 күн ғана болған. Біріқ, бірінші күннен бері ата-аналар мүмкіндік бермеді деп шағымданды. 

Балабақша тәрбиешісі Ғалия Бекзұрханованың айтуынша, осы жағдайдан кейін балабақша тәрбиешілері жұмыс істемеймін деп өтініш жазып жатыр. Қазіргі жағдайда 5 тәрбиеші жетіспейді екен. Ал балабақша меңгерушісі айлығы шайлығына жетпейтін жұмысқа білікті тәрбиешілер тарту қиын дейді. Бірақ, болған істің әлі де ақ-қарасын анықтап, ақырына дейін күресуге бел шешкен ата-аналар қалалық білім басқармасы мен прократураға шағым түсіріпті. Себебі, алғаш араша сұрап барған ішкі істер органдары арыздарын кері қайтарған көрінеді.

 Дереккөз: КТК телеарнасы

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети