11 ақпан 2019 | 15:33

"Түрмеге қамаймын деп қорқытқан". Ақтаудың бас судьясы жұмыстан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев сот тәртібіне қайшы келетін әрекет жасағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев сот тәртібіне қайшы келетін әрекет жасағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада".

2019 жылы 7 ақпанда тәртіптік сот алқасының комиссиясының отырысы нәтижесінде Мәлік Кенжалиевті қалалық сот төрағасы қызметінен босатылды, судья өкілдігін тоқтату шешімі шығарылды. 

Портал мәліметінше, комиссия Каспий теңізінің жағалауында коттедж салу кезінде Мәлік Кенжалиев жұмыс бригадасын (Өзбекстан азаматтарын) жалдағанын анықтады. Сол жұмыс үшін ол 3,6 миллион теңге беретін болып уәде берген. Сот төрағасы соманың жартысын 1,8 миллион теңгені төлеп, екі жыл бойы ақшаны қайтармай жүрген. 

"Бригадир Мәлік Кенжалиевке бірнеше рет телефон арқылы және SMS-хабарлама арқылы қалған соманы қайтаруға өтініш білдірген, бірақ, облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұрынғы төраға ақша қайтарудан жалтарып, балағат сөздер айтып, бригадирді түрмеге қамаймын деп қорқытқан", - делінген "Лада" порталының мақаласында.

"Судья әдебі кодексінің 1-бабына сәйкес, судья өзінің антына адал болуға, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Судья сот билігінің беделін төмендетіп, судьяның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін кез келген істерден - әрекеттерден аулақ болуға тиіс", - деді облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

Маңғыстау облыстық сот төрағасының өкімімен Ақтау қалалық соты төрағасының міндетін Гүлмаржан Әділсұлтани уақытша атқарады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети