20 ақпан 2019 | 11:01

Тұрмысы төмен көпбалалы аналарға балабақша тегін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрмысы төмен отбасылар үшін екінші баласынан бастап балабақша тегін болады. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындар алдындағы жыл сайынғы есепті кездесу кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тұрмысы төмен отбасылар үшін екінші баласынан бастап балабақша тегін болады. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындар алдындағы жыл сайынғы есепті кездесу кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Өздеріңіз білесіздер, ата-аналар бала бақшадағы балдырғанның тамағы үшін 18 мың теңге ғана төлейді, қалған 27 мың теңгені мемлекет субсидиялауда. Тек өткен жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша бала бақшадағы 51 мың орынға 16 миллиард теңге бөлінді. Биыл бұл сома 1,8 миллиардқа өсті. Егер көпбалалы тұрмысы төмен отбасының екі және одан да көп баласы бала бақшаға баратын болса, онда отбасылық бюджет жүктемесі де жоғары болады. Сондықтан "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасылардың екінші баласынан бастап бала бақша тегін болады", - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, қазіргі кезде тұрмысы төмен отбасылардағы 14 мыңнан аса балаға мектептерде ыстық тағам беріледі, 3475 бала мектеп формасымен қамтылған, 2333 балаға қаржылай көмек көрсетіледі, 1050 балаға жазғы лагерьлерге жолдама беріледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети