Тұрсынбек Қабатовтың министр Асхат Аймағамбетовтің вакцина алуына қатысты қалжыңына Білім және ғылым министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тұрсынбек Қабатовтың министр Асхат Аймағамбетовтің вакцина алуына қатысты қалжыңына Білім және ғылым министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірнеше ай бұрын Тұрсынбек Қабатов концерттерінің бірінде шенділердің арасынан QazVac қазақстандық вакцинасын алғашқы болып неге білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов салды екен дейді. Қалжыңдап вакцинаны бірінші болып кім алатынын үкімет отырысында қалай анықтағанын ойлап көреді.
"Менің ойымша, тамызға дейін Президент барлығын жинап былай деді: "Біз мынадай вакцина шығардық. Енді халықтан емес, өзімізден бастайық". Сонда депутаттар былай дейді: "Жоқ, бізде жақында сайлау, үгіт-насихат жүргізу керек. Уақытымыз жоқ", ал әкімдер: "Бізде жылыту маусымы, жақында қыс. Біз вакцина ала алмаймыз. Одан да министрлер бастасын". Ауыл шаруашылығы министрі айтады: "Жақында егістік жинаймын. Мәселем өте көп". Араларындағы ең жасы Аймағамбетов отыр. Бәрі Аймағамбетовке қарап, ойлаған шығар: "Бәрібір балалар үйден, онлайн оқып жатыр. Студенттер де үйде. Одан да сенен бастайық. Сен де қашықтан жұмыс істейсің".
Жақында осы үзінді Tik Tok желісінде танымал бола бастады. Видео 185 мыңнан аса қаралым мен 7 мың лайк жинаған.
Редакциямыз министрдің баспасөз-хатшысы Мөлдір Әбдуалиевадан Аймағамбетовтің неліктен алғаш болып вакцина алғанын сұрады.
"Tik Tok желісінде министрлер кабинетінен Асхат Аймағамбетовтің неліктен алғаш болып вакцина салдырғаны жайлы қалжың аралас сауалдың видеосы тарай бастады. Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев QazVac вакцинасының өндірісін ғана емес, қолданысқа енуін де қолдауды талап еткен. Вакцинаны Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жасады. Министр басынан вакцинаның жасалуына жетекшілік етті. Сондықтан клиникалық зерттеулерден бұрын әзірлеуші-ғалымдар вакцина салдыру жайлы шешім жасаған, ол отандық вакцинаны алуға бел байлады. Осылайша өз әріптестеріне қолдау көрсетіп, денсаулығын да қорғады", - деді баспасөз-хатшысы.
Білім және ғылым министрлігіндегілер Асхат Аймағамбетовтің бір жыл бұрын вакцина алғанын және ешқандай жанама әсері болмағанын айтты. Сонымен қатар, министрдің ағзасында антиденелер мөлшерінің жоғары екенін де қосты.
"Айтпақшы, наурызда министр дәл сол вакцинаның екінші дозасын салдырды. Өзін бірқалыпты сезінеді, жанама әсер жоқ. Білім және ғылым министрі қазақстандықтарды өздерін күтуге және COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға шақырады. Ол өз әрекеті арқылы отандық ғылым мен ғалымдарға сенетінін көрсетті", - деді Мөлдір Әбдуалиева.
Асхат Аймағамбетов COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны алғаш болып 2020 жылдың тамызында салдырған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!