Тұрсынғали Алагөзов ұлының ашық хатына қатысты мәлімдеме жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: instagram.com/tursengali.alaguzov Сурет: instagram.com/tursengali.alaguzov

Бизнесмен Тұрсынғали Алагөзов ұлы Арсеннің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. БАҚ бетінде жарияланған өз мәлімдемесінде Арсен Алагөзов өз әкесін неліктен пәтерден шығарып жібергенін түсіндірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бизнесмен Тұрсынғали Алагөзов ұлы Арсеннің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. БАҚ бетінде жарияланған өз мәлімдемесінде Арсен Алагөзов өз әкесін неліктен пәтерден шығарып жібергенін түсіндірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әке @tursen_alaguzov аккаунтыңда маған арнау жазыпсың. Не үшін? Менің құндылықтарым мен көзқарасымды білесің. Екі жыл бойы жақ ашпадым, айтарым болмағандықтан емес, отбасы - қорған, бір мәселе туындаса оны іштей шешу керек деген түсініктің барынан.

Біз - мен, Амина және анамыз сені жаңа өміріңді бастауға бөгет болмадық. Ал сенің бізге деген сезімің мен қарым-қатынас жасау талпынысыңды БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы біліп отырмыз. Кетіп бара жатып, шешілмеген көп мәселе қалдырдың, уәделерді орындамадың, оларды өзіміз шешіп келеміз. Шешілмеген мәселелер аяқсыз қалмас үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге тура келеді. 

2017 жылы қазанда саған бөліп төлеуге алынған пәтерде (Esentai) тұрып жатқаның туралы құжат жолданды. Болған жағдайға байланысты 2017 жылдың қарашасынан келісімді бұзып, пәтерді құрылыс компаниясына қайтару туралы шешім қабылданды. Ал сен пәтерді босатпағандықтан жалға алу қызметін төлеп келемін, осыдан кейін мәжбүрлеп көшіру туралы арыз беруге тура келді. 

Әке, кейде уақыт жылдам өтіп, болған жайтты санаулы күнде аңғарып, қабылдауың керек. Мен түсіну керек дүниені 2016 жылдың жазында ұқтым да, таңдауымды жасадым, сенің өз өмірің бар, ал менікі жеке". 

Мен, алагөзов Әрсен БАҚ бетіндегі менің отбасыма қатысты жариялымдарға байланысты менің ашық хатымды орналастыруларыңды сұраймын", - делінген мәлімдемеде. 

Өз кезегінде Тұрсынғали Алагөзов жағдайды түсіндіруге тырысты. 

"Мендегі бар мүлікті балаларымның атына жазғанмын - ұлым мен қызыма. Esentai кешесіндегі пәтерді алғанымызда ұлым 19 жаста болатын. Пәтердің құны 600 миллион теңге, мен 300 миллионын төледім. 19 жастағы балада мұндай ақша қайдан? Қазір 21-де, шетелде оқиды, Қазақстанға келмейді. Ешқашан жұмыс істеген емес. Оның орнына анасы не қарындасы жазғаны түсінікті. Әлеуметтік желіде мені бұғаттап тастағандықтан, қазір қарым-қатынасымыз жоқ", - дейді Тұрсынғали Алагөзов. 

Сонымен қатар, бизнесмен бұрынғы әйеліне берген компания акциялары туралы айтып берді. 

"Кей БАҚ-та акцияларымның жартысын беріп, кейін даулап қайтарып алдым деп жазылыпты. Мен даулағам жоқ. 2016 жылдың аяғында бұрынғы әйелімнің атына акциялардың 43, 25 пайызын жаздым. ажырасқалы жатқандықтан. Бұл оның талабы еді, мен орындадым. Ештеңені даулағам жоқ, бұл жалған. Бұл біздің өзара мәселелеріміз. Мұның бәрі БАҚ бетіне шығып кеткені ұнамайды. өкінішті", - деп мәлімдеді Тұрсынғали Алагөзв. 

Мұның алдында бизнесемен пәтерден шығарып тастағаны үшін ұлына ренжулі еместігін айтып, мәлімдеме жасаған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro