Түсінбестік болды деп сенемін - Бозымбаев Жақсалиевтің үй қамауына алынуы жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© primeminister.kz © primeminister.kz

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Бақытжан Жақсалиевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Бақытжан Жақсалиевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бар мәліметтерге қарағанда, вице-министр Жақсалиев өткен аптадан бері үй қамауында. Бұл Щучье-Бурабай курорттық аймағына қатысы бар іс. Еске сала кетейін, мердігерлік ұйыммен келісімшарт 2013 жылы жасалған болатын. Келісімшартты басқа ведомство жасасты, сол жұмыс әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Ол кезде мен басқа жақта жұмыс істедім, сондықтан ол іске қатысты қандай да пікір білдіре алмаймын. Ұлттық бюро өкілдері құжаттарды алып кетті, тергеу жүріп жатыр. Өз тарапымнан өкініш білдіремін. Түсінбестік болды деп сенемін. Біз, Энергетика министрлігінің ұжымы, Бақытжан Мұхамбетқалиевтің сауатты әрі кәсіби энергетика маманы екенін білеміз. Осы тергеудің біздің министрлік жұмысы аясындағы міндеттерді орындауға еш әсерін тигізбейді деп сенемін", - деді Қанат Бозымбаев журналистерге.

Еске сала кетейік, кеше энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің үй қамауына алынғаны хабарланған болатын. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар айтқан болатын. (...) Атқарылған жұмыс көлемі 30 есе көбейтіп көрсетілгенін біле тұра, Жақсалиев су қоймасының түбінен 109 мың текше метр лай алу туралы актілерге заңсыз қол қойған, бұл жұмыстарды атқаруға мердігер ұйымға 863 миллион теңге ақша бөлінген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, атқарылмаған жұмыс құны 746 миллион теңге болған. Жақсалиевтің заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке осы көрсетілген сомада шығын келген. (...), - деп хабарлады ұлттық бюродағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro