07 қазан 2016 | 14:12

Түсінбеушілікпен біреулердің ықпалында кеткен адамдармен кейде сағаттап сұхбат құруға тура келеді - Бас мүфти

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. © muftyat.kz Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. © muftyat.kz

Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы наиб имамдардың біліктілігін көтеру семинар сабағын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы наиб имамдардың біліктілігін көтеру семинар сабағын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.

Семинар барысында бүгінгі қоғамдағы дін және руханият мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Бас мүфти  діннің насихаты даналықпен көркейетінін еске салды. Жамағатпен жұмыс жұмсақтық, кішіпейілдік, ізеттілік, мейірімділік сияқты көркем сипаттарды үлгі ету, қаперде ұстау арқылы іске асырылатыны туралы айтылды.

"Діннің насихаты даналықпен көркейеді. Жұмсақтық, кішіпейілдік, ізеттілік, қарапайымдылық, мейірімділік пенденің жүрегін баурайтын қасиеттер. Әдеп, жылы шырай таныту қарым-қатынастың тамаша үлгісі. Түсінбеушілікпен біреулердің діни ұстанымы мен көзқарасынан әсер алып, ықпалында кеткен адамдармен кейде сағаттап сұхбат құруға тура келеді. Табандылықпен жүйелі атқарылған іс қана өз нәтижесін береді", - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

5-19 қазан аралығында жалғасын табатын семинарға әр мешіттен бұйрығы бар 1 наиб имам тұрақты қатысуда. Онда елімізге танымал дін саласының мамандары "Аңсар кеңес беру және оңалту орталығының" директоры Сабден Асқар және "Нұр-Мүбарак" университетінің докторанты, қари Шоқай Еркінбек, "Теологиялық иландыру мен оңалту әдістері" және "Теологиялық өзекті мәселелер" тақырыбында дәріс өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети