10 ақпан 2021 17:18

Түстермен бөлу және QR-код: Цой қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлажы. Сурет: elements.envato.com Tengrinews.kz фотоколлажы. Сурет: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq мобильді қосымшасы мен эпидемиологиялық жағдайды анықтау кезінде қазақстандықтарды түстерге бөлу адамдардың өмірін бақылау деген сөз емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq мобильді қосымшасы мен эпидемиологиялық жағдайды анықтау кезінде қазақстандықтарды түстерге бөлу адамдардың өмірін бақылау деген сөз емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус пандемиясы басталғалы бері бүкіл әлемдегі бизнес айтарлықтай шектеулермен жұмыс істеуге мәжбүр болды, бұл бизнестің кірісіне айтарлықтай зиян келтіреді. Қазақстанда 13 мыңнан аса бизнес субъектісі әлі күнге дейін қызметін бастай алмай отыр", - дейді Цой ОКҚ брифингінде.

Ол Ashyq мобильді қосымшасы QR-код жүйесін пайдаланатынын және азаматтарды эпидемиологиялық мәртебесіне қарай қызыл, сары, көк, жасыл түстерге бөлетінін айтты. Пилот режимде оны Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыдағы 40 объек - фитнес-орталықтар, SPA-орталықтар, бассейн, монша, кинотеатрлар енгізді.

Түстермен бөлу және QR-код: министрлік жаңа жүйе туралы қосымша ақпарат айтты

"Түстермен бөлу әлеуметтік желілерде талқыланып жатқандай, адамдардың өмірін бақылауға арналмаған. Бұл жай ғана адамның ауру немесе науқаспен байланыста болғанын көрсетеді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес олар карантинде жатуға міндетті", - деп түсіндірді Цой.

Министр қосымшаның ерікті екенін, ол қауіпсіз орта құруға, келушілерді вирустан және оның таралу қаупінен қорғауға, сонымен қатар, бизнеске карантин кезінде қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети