Әлеуметтік желілерде Шымкентте кәмелетке толмаған қызды ұрлау және зорлау туралы ақпарат тарады. Полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?
Әлеуметтік желілерде айқайлаған қызды көліктен сүйреп шығарып жатқан сәттің видеосы жарияланды. Көліктің маңына көп ер адам мен әйелдер жиналған, олардың бірінің қолында ақ орамал бар.
Жазбада Шымкентте кәмелетке толмаған қыз өзін ұрлап, еркінен тыс бөтен үйге алып барғанын айтқаны көрсетілген. Күдіктінің туыстары оны қалуға үгіттеген, ал қыз бас тартқанда өз қолымен ешқандай шағымы жоқ екені туралы хат жазуға мәжбүрлеген көрінеді. Одан кейін қызды ұрлаған жігіттің туыстары зорлауды ұйымдастырғаны туралы жазылған.
Видеода жәбірленуші оқиғадан кейін ешкім жауапқа тартылмағанын айтады.
Полиция пікірі
Шымкент Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне қала тұрғынының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Барлық қатысушы полицияға жеткізілген.
"Істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары кешені жүргізіліп жаты", – деді ведомство өкілдері.
Анықтама: 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа түзету – 125-1-бап күшіне енді. Бұл норма адамның еркіне қарсы некеге тұрғызу мақсатында ұрлау, сондай-ақ некеге тұруға немесе бірге тұруға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!