Туыстарына жер берген: Жамбыл облысында екі әкімге 275 мың теңгеден айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туыстарына жер берген: Жамбыл облысында екі әкімге 275 мың теңгеден айыппұл салынды ЖИ

Жамбыл облысының лауазымды тұлғалары жақын туыстарына жер пайдалану құқығын берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының лауазымды тұлғалары жақын туыстарына жер пайдалану құқығын берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округі әкімінің жұбайының анасына 1 жыл мерзімге 0,0692 гектар жер телімі бау-бақша өсіруге берілген. Екі айдан кейін жер телімі коммерциялық мақсаттағы санатқа ауыстырылған.

Қаратөбе ауылдық округі әкімінің әпкесі бау-бақша өсіру үшін 0,1 гектар жер теліміне, сондай-ақ жеке меншікте бұрын жалға алынған 0,0763 гектар жер теліміне құқық алған. Әкім әйелінің әкесіне 0,3500 гектар жер телімін берген.

Жамбыл аудандық сотында мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбауына қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы). Лауазымды тұлғалар өз кінәларын толық мойындаған.

"Сот оларды ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсысына 275 мың теңгеден әкімшілік айыппұл салынды".

Қаулылар заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети