Тыйым салынған: ҚМА қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тыйым салынған: ҚМА қазақстандықтарға үндеу жасады Фото:depositphotos.com / BiancoBlue

Қазіргі уақытта ҚМА жеке тұлғалардың криптовалютамен заңсыз операцияларды (сатып алу/сату, тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін есеп айырысулар, Р2Р арқылы операциялар) жүргізуін байқайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі уақытта ҚМА жеке тұлғалардың криптовалютамен заңсыз операцияларды (сатып алу/сату, тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін есеп айырысулар, Р2Р арқылы операциялар) жүргізуін байқайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Криптовалюта көбінесе алаяқтық, қаржылық пирамида және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату сияқты қылмыстарда қолданылады.

Осыған байланысты Қазақстан аумағында:

  • қамтамасыз етілмеген сандық активтерді шығаруға (Bitcoin, Ethereum және т. б.);
  • қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына (Bitcoin, Ethereum және т. б. арқылы өзара есеп айырысу);
  • қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді валютаға және валюталарды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге айырбастау жөніндегі қызметтер)тыйым салынғаны ескертілді.

"Осы тыйымның бір ғана ерекшелігі бар – "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясын алған биржалардың қызметі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети