Тізгінде полиция бастығы болған ба? Павлодар маңындағы жол апаты туралы жаңа мәлімет айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тізгінде полиция бастығы болған ба? Павлодар маңындағы жол апаты туралы жаңа мәлімет айтылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар-Семей тасжолында көлікті мас күйде тізгіндеп, адам өліміне әкелген жол апатын жасаған жүргізуші қамауға алынды. Оны қамауға алу туралы санкцияны Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар-Семей тасжолында көлікті мас күйде тізгіндеп, адам өліміне әкелген жол апатын жасаған жүргізуші қамауға алынды. Оны қамауға алу туралы санкцияны Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соттың мәліметінше, ұсталған адамға қатысты санкция бір күн бұрын қаралған. Бұл ақпаратты Павлодар облысының Полиция департаменті растады.

"28 шілдеде санкция шығып, екі айға қамауға алу тағайындалды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін марқұмның әйелі Ирина Зорина жол талғамайтын көлікті астаналық полицияның жоғары лауазымды қызметкері жүргізгенін хабарлаған болатын.

"Біздің білуімізше, жол талғамайтын көліктің рульінде Астана мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы болған. Одан басқа көлікте тағы бірнеше адам болған", - деді павлодарлық тұрғын.

Павлодар сотының сайтында жарияланған тергеу-қамауға алынған адамның ТАӘ ІІМ үкіметтік мекемелерін күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшысының деректерімен бірдей екенін атап өтеміз.

Tengrinews.kz редакциясы осы мәселе бойынша Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети