Уақыт белдеуі: депутаттар үкіметтің шешімін қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақыт белдеуі: депутаттар үкіметтің шешімін қолдады Фото ©️ Турар Казангапов

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Парламент депутаттарының жаңа уақыт белдеуі халықтың денсаулығы мен өмір сүру саласына қалай әсер еткені туралы зерттеу нәтижелерін талқылау қорытындысы жөнінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Парламент депутаттарының жаңа уақыт белдеуі халықтың денсаулығы мен өмір сүру саласына қалай әсер еткені туралы зерттеу нәтижелерін талқылау қорытындысы жөнінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көшербаевтың айтуынша, талқылауға қатысқан депутаттар қолданыстағы уақыт белдеуін сақтап қалу туралы шешімді қолдаған.

"Amanat фракциясының отырысында үкімет бірыңғай уақыт белдеуінің әсеріне қатысты кешенді мониторингтің қорытындысын ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, денсаулыққа кері әсері, аурулардың көбеюі немесе оқушылар үлгерімінің төмендеуі байқалған жоқ. Депутаттар біздің шешімді қолдады", – деді Көшербаев.

Сондай-ақ, ол қоғамда бұл мәселеге қатысты бұрын болған эмоционалдық шиеленістің басылғанын атап өтті.

"Бұл мәселеде қазақстандық қоғам белгілі бір келісімге келді деп ойлаймын. Қазір көпшілік ШҚО-ның үлгісімен икемді жұмыс кестесін қабылдайды деп ойлаймын", – деп қосты вице-премьер.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан аумағында бірыңғай уақыт енгізілді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында сағат тілі 1 сағат артқа жылжытылды. Осылайша, ел аумағы UTC+5 уақыт белдеуіне өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети